Балықтар
Жұлдыздардың шапағатымен бұл күн – саған және отбасыңа кіріс күні болмақ. Материалдық байлықпен қатар рухани байлықты да ойлайтын кез туды. Көп еңбек етсең, жемісін де жейтін сәтті кезең.
Суқұйғыш
Алдағы демалысты пайдаланып, алдыңда тұрған біраз істі тындырасыз. Көбірек демалғаныңыз жөн болар. Таза ауа сізге пайдалады. Ата-анаңызға қолғабыс болып, олардың ризашылығына бөленесіз.
Тауешкі
Басқара білу қабілетінің арқасында махаббатта жолы болады. Жалғыз жүрген тауешкілер үнемі серігін іздеуде асқан белсенділік танытады. Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табады.
Мерген
Бұл күні Алғашқы махаббатын жолықтырып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Ол өзгеріс тұрмысқа шығу, шетелге бару, мекен-жайын ауыстыру болуы мүмкін. Жыл бойында белсенді болып жүруіне махаббат әсер етеді. Періште қорғап, серігі табыс болады.
Сарышаян
Бұл күн қарым-қатынас құруға ең қолайлы уақыт. Егер сіздің ұнатып жүрген адамыңыз болса, онда еш қорықпастан ілгері жүріп, танысыңыз. Себебі бұл кезең барлығы өз жолымен қарқын алатын сәт.
Таразы
Таразылар ақшаның уақытша екеніне сенеді. Олар бай болғысы келмейді, бірақ байлар сияқты өмір сүргісі келеді. Өздері түскен күймен күресуге шамалары жетпейді. Өмірдің қалай ағып жатқаныны бәрібір өзіне ешкім тиіспесе болды.
Бикеш
Жан-жағыңыздағы жандар сіздерге көп қызығады, қызғанады. Алланың көзі түзу. Сабырлы бола біліңіз. Шешілмеген мәселелер өз шешімін табады.
Арыстан
Сіздерді сүйетін жандар өте көп. Адемісіз, ақкөңілсіз. Барлық жандар сіздерге қызығады. Алла сіздерді адал жолдан тайдырмасын.
Шаян
Басында жай ғаны таныс адам. Кейін дос болдыңыздар. Қазір махаббат. Кейін үлкен бақытты отбасы болады.
Егіздер
Егіздердің күлкісі әдемі болады. Кез келген кештің көркін келтіруі мүмкін, өте көңілді адам. Өзі әзілдей алмаса, басқаның әзіліне күле алады. Егізден асқан әзілсүйгіш болуы мүмкін емес.
Торпақ
Ол көңілді, тартымды және адамдарға ақыл айтқанды жаны сүйеді. Әдемі заттарға жаны құмар, өнерге әуес және талғамы жоғары. Оның жүрегін бағындыру үшін сен сәнмен киінетін, басқалардың назарын өзіңе аудара алатын, жарқын да көрнекті болуға тиіссің. Бұл Торпақтарға өте қатты ұнайды.
Тоқты
Олар бір орында ештеңе істеместен ұзақ отыра алмайды. Махаббат пен ақшаға келгенде сараңдау. Біреудің өзіне қызмет еткенін қаламайды, сонымен қатар біреуге міндетті болғысы келмейді. Олар жалқауларды, кешіккенді ұнатпайды. Бірақ бақытты жандар.
Оқи отырыңыз: Республика күні: Алматыда қайырымдылық акциясы өтті