Ол 35 келіге дейінгі спортшылар арасында топ жарды
Бексұлтан Талдыбаев есімді 11 жастағы баланы естулеріңіз бар ма? Ол жақында ғана джиу-джитсудан Мәскеуде өткен әлем чемпионатында бірінші орынды қанжығасына байлады. Қысқасы, 35 келіге дейінгі спортшылар арасында Бексұлтанға төтеп берер қарсылас табылмады. Алматыдағы балалар үйі тәрбиеленушісінің алдағы жоспары қандай? Үлкен спортқа қалай келді? Осы сұрақтарға жауап алу үшін Бексұлтанды Almaty.tv студиясына шақырған едік. Сұхбаттың толық нұсқасын видеодан тамашалаңыздар.