«Құрылысшылар жиі шағымданады»: еңбек инспекторы былтыр қанша адам жалақы ала алмағанын айтты

15.03.2019 23:48

Олардың жалақысы шамамен 474 миллион теңгені құрайды

Соңғы бір жылдың ішінде жұмыс берушілер 3 мыңнан астам адамның еңбек ақысын бермеген. Олардың жалақысы шамамен 474 миллион теңгені құрайды. Шыдамы таусылған жұмысшылар, еңбек испекциясының мамандарына талап-арыз түсіріпті.

Құқығы тапталып жүрген ел азаматтарының қаншасының мәселесі өз шешімін тапты? Бұл туралы Almaty.tv тілшісіне Алматы қаласы әлеуметтік әл-әуқат басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Арай Исмагулова айтып берді.

Оның сөзінше, әдетте құрылыс саласында еңбек ететін жұмысшылардың еңбегі желінеді екен, яғни, ең көп арызданатын да солар.

Сұхбаттың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.