Алматыда кейбір азаматтық істерді нотариус қарауына беру соттарға артылатын жүктемені 20 пайызға азайтады деп күтілуде. Өткен жылы қала соттары 114 мыңнан астам азаматтық іске шешім шығарған. Аппеляциялық тәртіп бойынша 7 мыңнан астам іс қаралған. Бұл республика бойынша барлық істің 21 пайызын құрап отыр. Ол қандай істер? Алматы қалалық сотының судьясы Қанат МОЛДАШЕВ айтып бермек.
– Қанат Шәдиұлы, соттан нотариусқа қанша түрлі іс өткізіліп отыр? Соның арқасында судьяларға деген салмақ қаншалықты азайды деуге болады?
– Мемлекет басшысымен ағымдағы жылдағы 25 қаңтарда Меншік құқығын қорғауды күшейту және сот жүктемесін төмендету туралы заңға қол қойылғаны бәрімізге белгілі. Аталған заң осы ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап заңды күшіне еніп отыр. Бұл заңның негізгі мәселесі – соттағы қаралып жатқан істерді азайтып, сотқа жүктемесін жеңілдету. Көптеген азаматтық істе көрсетілген істер нотариустың қарауына жіберіліп отыр. Былайша айтқанда, атқарушы жазбаша институт дамуы болып көрсетеді. Аталған заң бойынша соттан қабылданған заң талаптары бойынша соттың ағымдағы жүктемесін 70 пайызға дейін төмендету мүмкіндігі туып отыр. Атқарушы жазбаша институтының дамуына сәйкес, бұйрық жүргізу ісінің 18 талабының 9-ы нотариатқа беріледі. Атап айтқанда нотариалды куәландырылған мәміле бойынша жалақыны өндіру, лизинг заттарын алдырту, басқа да төлемақыларын өндіру туралы мәселелерді тек нотариустар қарастырмақ. Бұл сотта қаралатын істердің 20 пайызын құрайтын істер, яғни осы тұрғыдан соттардың жұмысы жеңілдеп, 20 пайызға дейін қысқарады.
– Сенат депутаттары судьяларға халықтың сенімі азайды деген уәж айтып еді. Осы ретте аудандық соттар шығарған шешімдермен келіспей, қалалық сотқа шағымданып жатады? Бұл қаншалықты дұрыс?
– Мысалы, Алматы қалалық соты 2018 жылы 104 мыңнан астам азаматтық істі қарап, шешімін шығарды. Аппеляциялық тәртіп бойынша 7399 қаралған іс, яғни 21 пайызы Алматы қаласында қаралғаны республика бойынша көрініп отыр. Тараптар арасында сот болғаннан кейін талапкер және жауапкер болады. Екіжақты сот шешіміне келіспеген жағдайда, тараптардың Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес аппеляциялық тәртіппен Алматы қаласы сотына шағымдануына құқы бар. Бүгінде азаматтық істер бойынша 114 мыңнан астам іс қаралып, өз шешімін тауып отыр. Апплеляциялық тәртіппен Алматы қалалық сотына шағымданатындар сотқа сенбегеннен емес, сот шешімімен келіспегеннен сондай қадамға барады. Сот шешімімен келіспеген жағдайда тараптар жоғарғы сотта кассациялық тәртіппен шағымдануға құқысы бар. Яғни, заң тәртібімен көрсетілген азаматтық істі қарау кезінде әр адам, әр тарап өзінің құқығын және мүддесін қорғауға құқылы екені көрсетілген. Яғни, әрқашан да мұндай кезде тараптар сот шешімімен келіспейтіні туралы аппеляциялық шағымды Алматы қаласы сотына жолдап отырады.
– Уақыт бөліп, сауалдарымызға жауап бергеніңіз үшін көп рақмет!
Перизат Көмекбайқызы