|
22.02.2019 | 19:10
3490

Бауыржан Байбек IFC корпорациясының вице-президентімен кездесті

Қос тарап ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бауыржан Байбек IFC корпорациясының вице-президентімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық IFC қаржы корпорациясының Латын Америкасы, Еуропа және Орта Азия бойынша вице-президенті Джорджина Бейкермен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Қос тарап ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Оның аясында халықаралық қаржы корпорациясы қала инфрақұрылымын модернизациялау, халықаралық несиелік рейтинг беру жөнінде кеңесші ретінде қызмет көрсетеді. Ал Джорджина Бейкер келісімге қол қою бұл стратегиялық серіктестіктің басы және Алматының Орта Азиядағы жетекші мегаполис екеніне тың серпін береді деді.

Айта кетейік, бүкіләлемдік банк тобына кіретін IFC – жеке секторды қолдайтын ірі жаһандық даму институт. Қазақстандағы IFC стратегиясы инфрақұрылымды жақсартуға, экономиканың бәсекелестігін қолдауға, қаржы секторын және шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир