|
03.04.2019 | 19:15
4484

«Бір-бірімізді түсінбедік»: Алматыда үш айда 1800-ге жуық отбасы ажырасқан

Некелескендер саны жыл сайын кеміп, ажырасатындар артып барады

«Бір-бірімізді түсінбедік»: Алматыда үш айда 1800-ге жуық отбасы ажырасқан

Елімізде, соның ішінде Алматы қаласында ажырасқан отбасылар саны күрт көбейіп кеткен. Шаңырағын шайқалтып, ажырасуға арыз беретіндердің арасында егде тартқан адамдарда аз емес дейді Алматы қалалық Әділет департаментінің өкілдері. Тек биылдың үш айында 1 мың 772 отбасы некесін бұзған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 7%-ға жоғары деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Енді ажырасқан ата-аналар шекара асатын болса ортақ балалары үшін екінші тараптың рұқсаты қажет емес.

Көтерген шаңырақтың көп ұзамай шайқалуының себебі неде? Алматыдағы жағдайды қалалық Әділет басқармасы азаматыттық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысы Қапаева Әлия Байырбекқызынан сұрап білдік.

- Әлия Байырбекқызы, кеш жарық! Қаламызда соңғы жылдары отбасын құрғандардың қаншасы екіге айырылған? Ахуал алаңдатарлық жағдайда ма?

- Қазақстанда 2018 жылы ажырасқандар саны 20-25 % көбейген. Ал, некеге тұрған азаматтардың саны 17% азайған.

Алматы қаласы бойынша статистикаға келсек, 2017 жылы бұзылған неке саны 6800-ден асып түсті. Ал, 2018 жылы бұл көрсеткіш 7 мыңнан асты. Некеге тұрғандар саны 2017 жылы – 17 мың адам, 2018 жылы – 16 мыңнан сәл ғана асады.

- Ажырасулардың себебі неде? Неге азаматтарымыз балаларын тірі жетім етіп тастап кетіп жатыр?

- Бізде ажырасулардың 80 пайызы сот арқылы жүреді, өйткені ол отбасылардың кәмелетке толмаған балалары бар. Ал, қалған 20 пайызы АХАТ бөлімдеріне келіп некесін бұзуға өтініш қалдырады. Осы 20 пайыз ерлі-зайыптылардың бәрінің айтатыны бір – «бір-бірімізді түсінбедік» дейді.

- Ажырасуға асығатындардың жас ерекшеліктеріне тоқталсаңыз?

- Жалпы ажырасып  жатқан азаматтардың жасы 20-25 жастан 60-65 жасқа дейінгі аралықта. Ол өте өкінішті. Тіпті, аталарымыз бен әжелеріміз де некесін бұзуға кеп жатады, бұл өз кезегінде жастарға теріс әсерін тигізетіні сөзсіз.

Жалпы, халқымызда әйел адамды барынша сабырлы болуға, еріне сүйеу болуға тәрбиелеген. Сол дәстүрден ажырап бара жатқандаймыз. Ата-аналар дастарханның басында отырып болсын, басқа уақытта болсын, балаларына отбасының жауапкершілігі туралы айтып отыруы тиіс, түсіндіруі керек. Сонда балалар жауапкершілікті сезініп, ажырасу деректері азаяр еді.

- Ажырасып кеткен ата-аналар балаларымен шетелге шықса әкесінің немесе шешесінің рұқсатын сұрамай-ақ шекара асуға болатын мүмкіндік туыпты. Бұл қаншалықты рас ақпарат?

- Сұрағыңыз өте маңызды. Себебі, Осы проблемамен тұрғындарымыз жиі бетпе-бет келіп жатады. Егер ата-ананың бірі шетелге көшетін болса немесе ұзақ уақытқа кететін болса екінші тараптан келісім алуы керек. Ал, тек туристік жағдайда немесе оқуға 2-3 айға кететін болса арнайы рұқсаттың керегі жоқ.

- Уақыт тауып, сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

неке
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир