«Баспана» ипотекалық ұйымының берген мәліметі бойынша, бүгінге дейін 4 703 елордалықтан өтінім келіп түскен. Ал, екінші орында осы уақытқа дейін 3 жарым мың өтінім келіп түскен Алматы қаласы тұр. Одан кейінгі орынға Шымкент қаласы 643 өтініммен жайғасқан. Ал көш соңында – Түркістан облысы. Осы кезге дейін аталған өңірден тек 5 өтінім ғана келіп түскен.
Жалпы, аталған бағдарлама бойынша бүгінге дейін келіп түскен өтінімдердің қаншасы мақұлданды, қанша өтінім кері қайтарылды, алғашқы жарна көлемін ұлғайту туралы шешімге не түрткі болды, биыл жыл аяғына дейін қанша алматылық қоныс тойын тойлауы мүмкін деген сұрақтар бойынша «Баспана» ипотекалық ұйымының бас сарапшысы Жеңіс Шәріпұлымен тілдескен едік. Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіздер.