|
07.09.2021 | 22:09
1981

Қала күні: Терренкур алматылықтар мен шаһар қонақтарының сүйікті мекеніне айналды

Терренкур жүргіншілер аймағы қайта түрленгелі бері соқпақпен жүріп өтетін адам саны бірнеше есеге көбейген. Жанға сая, денге шипа аумақтың игілігін күніне 10 мыңға жуық адам көреді екен. Кіші Алматы өзенінің бойына жағалай салынған жол алматылықтар мен қала қонақтарының сүйікті мекеніне айналып кетті. Қала күні қарсаңында Almaty.tv тілшісі Назкен Еркін сол Терренкурге барып, Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаевпен тілдесіп қайтты. 

– Әсет Дүйсебекұлы, Терренкурды бұрын, шыны керек, көп естімейтінбіз. Қазір соңғы уақытта, әсіресе, алматылықтар арасында, қала қонақтары арасында өте танымал болып келеді. Бұл жерді көріктендіру қалай және қашан басталды?

Өте дұрыс айтасыз. Бізде Алматы қаласының үлкен мүмкіндіктері бар. Сол дұрыс пайдаланбай келді. Бұл құрылыс бізде 2020 жылы басталды. Жасыл экономика басқармасының бастамасымен, қала басшылығының тапсырмасымен. Кіші Алматы өзенінің бойындағы бұған дейін де істелді көп жұмыстар. Өзеннің арналарын жасау. Бірақ ол жерде мынадай жасыл желектер жоқ, табиғат аясы жоқ. Мына жерде көріп отырсаңыздар бір тау шатқалында кетіп бара жатқандаймыз. Бұрын білетін адамдар жүріп жүрді. Бірақ бұл жер адамға ыңғайлы болған жоқ яғни спорт алаңы, отыратын жерлер болған жоқ. Қоқыс жәшіктері болған жоқ. Көше жарығы болған жоқ. Бұл өз кезегінде адамдардың жүру мерзімін қысқартады. Одан кейін тағы елдердің сұрағаны навигация қою, яғни теңіз деңгейінен қандай биіктікте адамдар өз денсаулығына байланысты қысымдары болады ғой, өз биіктігіне орай қарап отырады. Одан бөлек бізде 4 мыңдай көшет отырғызылды. Әртүрлі гүл егілді.

Ұялы телефоныңызды шығарыңызшы. Мына жерде қазір QR-кодта телефоныңызды жақындатсаңыз, міне сізде қосымша шықты. Осыны бассаңыз, мына гүлдің қандай гүл екені, жапон спиреясы екені, қай кезде гүл шашатыны, қалай шығатыны, қанша жыл өмір сүретіні толық ақпарат бар. Ақпарат үш тілде. Ағылшын, орыс, қазақ тілінде. Мына жыл он екі айда бәрі гүлдеп, қыстан бөлек мына жақта адамның көзінің жауын алып отырады.

Осы көпірлер туралы айта кетсеңіз. Жалпы қанша көпір жөнделді?

Бұл жерде жалпы 5 көпір салынды. Еденнің бәрі ағаш. Табиғи материалды пайдалануға тырыстық.

– Бұл жерде жақында ғана жол белгілері орнатылғанын білеміз. Велосипед тебуге болмайды деген өзінің бір талаптары бар, білуімізше.

Бұл жерде біздің жүргіншілер тарапынан егде кісілер көп жүретін, биіктігі төмен түсіп келе жатқанда велосипед пайдаланушыларымыз. Балалы аналар, көріп отырсыздар ғой міне. Аналарымыз кетіп бара жатқан кезде велосипед мінген азаматтарымыз үлкен жылдамдықпен келіп қағып кеткен жағдайлар болды. Сосын балалар арасында самакат деген құрылғы бар ғой. Соған қатысты, келіп тоқтата алмай қалады. Себебі жылдамдық өте үлкен. Осыған байланысты көпшіліктің сұрауына сәйкес мінекей жол белгілерін қойып отырмыз. Тек жаяу жүргінші жүре алады деген белгі.

Жолдың жиегіне кәдімгідей әдемі қылып ағаштан орындық жасап қойыпсыздар. Бұл қайдан келген идея?

Бұл идея, қала басшылығымен бірге жүрген кезде халық тарапынан сұраныс болды. Кейбір жерлеріне ғана арқа сүйер қойдық. Барлық жеріне емес.  Бұл егде адамдар отыруға ыңғайлап істелген. Яғни келген кезде арқасына шалқайып отыруға, өзенге қарап отыруға, кітап немесе ұялы телефонына қарағанға әдейі ыңғайлап қойдық.

Жаңа келе жатырмыз, жолдың жиегінде көшеттер тұр. Көбісі өсіп жатыр, енді арасында өспей, тұрып қалғандары да бар екен. Бұл бойынша қандай жұмыстар жүргізіледі? Алып тастайсыздар ма? Не істейсіздер?

Өте дұрыс байқадыңыз. Көктем мезгілінде егілген көшеттер ғой. 3 жарым мыңнан аса көшет бар дедік. Гүлдері бар. 4 мың шамасында. Міне өздеріңіз көргендей жаз мезігілнде шықпай қалды. Осыған байланысты қазір күзде осы көшеттер қайтадан ауыстырылады немесе емделеді.

Азаматтарымыз бар мүмкіндігі шектелген. Сосын үлкен кісілеріміз бар жүретін. Осы түсетін жолды ыңғайлап бердік. Бетоннан емес әдейі ағаштан істедік. Табиғи элементтермен. Мынау бұрын өзеннің үсті болатын. Асты өзен, бетон болып тұратын. Әрі-бері ойланып, көшелік инсталляция деп жатырмыз ғой осы жерге соны ұтымды пайдаланып көрейік дедік.

Табиғаттың аясында жастарымызға, орта жастағы адамдарға ыңғайлы әткеншектерді осылай орналастырдық.

Әл-Фараби даңғылымен шығыс айналма жол салынды ғой. Сол эстакаданың асты. Бұл жерде қабырғасының бәрі сурет, граффити болатын. Сосын қараңғы болатын. Естеріңізде болса жарық үстінде болатын. Қазір мына ағаштан жасадық. Жігіттер мердігеррлер өз қолынан жасады. Үстін жарықтандырдық әдейі. Еркін өте алады. Күндіз жарық. Бұрын қорқатын осымен жүруге. Осы туннельге дейін келіп анау кіре беріске келетін де ары қарай кетіп қалатын. Қазір мына жерге камера орнаталды. Кім қандай сурет салады немес бұзақы әрекеттерге барады. Бәрі тіркеледі.

Бізде 11 спорт алаңы бар. Балалар, спорт алаңы. Соның ішіндегі мына алтыбақанның орны ерекше. Біздің қазақтың тарихында, қанында бар зат қой. Осы жерде алаңқай болған. Ештеңесін тиіскен жоқпыз. Кішкене өзгеріс қана енгіздік. Соның ішінде міне балалар алаңы. Ерекше жасалған спорттық мақсатта. Жас балалар. 5 жастан 12 жасқа дейінгі баладар. Жасалған дүниенің бәрі өзіңіз көргендей осы жердегі тұрғындар, қонақтарымыз осы жерге келетін азаматтарымыз, туристердің пікірінен салынған дүние. Солардың пікірлерінен шыққан дүние.

– Мына инсталляцияның материалдары қай жақта жасалған? Өзіміздің отандық өнімдер ме?

Бір қуантатыны, мына дүниенің бәрі Қазақстанда жасалған. Бұл жердің тағы бір ерекшелігі, бюджетті үнемдеу мақсатында бизнес өкілдерімен бірлесе отырып ұсыныс бердік. Бақытжан Әбдірұлының бастамасын ол кісілер қолдады. Осы жерде осындай алаңқай істеп шықты. Мемлекет тарапынан да, бизнес тарапынан да үлесі бар. Бірлесе отырып осындай жасадық.

– Бағана басынан бастап Терренкур туралы біраз мәлімет айтып келе жатырсыз. Бұдан бөлек жалпы аудан бойынша адамдарға арналған қоғамдық орындар қалай жасақталып, көріктендіріліп жатыр? Қанша саябақ салынды? Сквер жасалды? Соған бір тоқталып өтсеңіз.

Бақытжан Әбдірұлының бекіткен бағдарламасы бар. «Шетсіз қала» деген. «Шетсіз қала» бағдарламасының аясында көше жарықтары бар, жол жөндеу бар. Одан бөлек шетте қалған саябақтарды қайта қалпына келтіру. Бұл жерде айта кету керек. Шухова саябағы. Бұрын пайдаланусыз қалған. Кеңес дәуірінен бері қоқысқа толған үлкен бір тоғай болған жер. Сол жерде екі гектардан аса жер. Одан бөлек 28 Панфиловшылар саябағы болды. Ол қайтадан жөндеуден өтті. Ескіріп кеткен болатын. Орындықтар орнатылды. Тарихи жәдігерлерге зиянын тигізбей соны қайта жасап шықтық. Қазіргі таңда үлкен жобалар жасалып жатыр Медеу ауданында. Бұл біздегі Есентай өзені. Әл-Фараби мен Жамақаев көшесіне дейін жасалып бітті. Пайдалануға берілді. Қазіргі таңдаа осы жылдың аяғына дейін Жамақаев көшесіне дейін жоғары Осапнова көшесінен Буаковка шатқаоына дейінгі аралықө осы жылы пайдалануға беріледі. Мына «Бюджетке қатысу» да алдыңғы жылдан басталған үрдіс. Халық өздері қатыса алады. Осының аясында өз жобаларын ұсына алады. Бұл жерде көгалдандыру, спорт алаңы, балалар алаңы, қоқыс жәшіктерінң орнасауы немесе ауысуы.

Осы тұста дәл осы сәтті қолданып сіз қазір қала тұрғындарына, аудан тұрғындарына бір ауыз тілек-уәжіңіз болса, мархабат.

Уәж деп емес, енді сұрайтынымыз ағайындардан, мына жасалған дүниенің бәрі сіздер үшін жасалған дүние. Болашақта бұл сіздеріңд балаларыңызға, ұрпаққа қалатын дүние. Қазіргі таңда біздің еккен гүлдеріміз, ағаштарымызды халықтың бәрі емес, кейбір азаматтарымыз жауапкершілігі жоқтығынан бұзу жағдайлары болып жатыр. бұл фактілер тіркелді. Ішкі істер органдары олармен айналысып жатыр. бұл азаматтар жазаланады. Бірақ өтінерім, осы дүниені сақтай білсек. Осы дүниені көрсете білсек. Қонақтарымызға, ауылдан келген ағайындарымызға, сырттан келген туристерге көрсете білсек бұл қазақ елінің, мемлекетінің деңгейінің өрісінің кең болатынын көрсететін үлкен бір құбылыс болады. Сндықтан осы жағдайда осы бар дүниені сақтай білсек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир