Апта ортасындағы айтулы мереке: мамырда қазақстандықтар Құрбан айтта қай күні демалады

Almaty.tv
Almaty.tv

2026 жылы Қазақстанда Құрбан айт мерекесінің ресми күні белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мамыр айының соңында қазақстандықтарды тағы бір ресми демалыс күні күтіп тұр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасымен (ҚМДБ) бірлесе отырып, қасиетті Құрбан айт мерекесінің нақты күнін бекітті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Үстіміздегі 2026 жылы ұлық мереке — Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келіп тұр. Бұл күн аптаның ортасы, яғни сәрсенбіге туғандықтан, заңнама бойынша елімізде ресми демалыс күні болып жарияланады. Осылайша, мамыр айында отандастарымыз тағы бір күн қосымша демалатын болады.

Мұсылман үмбеті үшін ең қасиетті мейрамдардың бірі саналатын Құрбан айт Ораза айт біткеннен кейін 70 күннен соң басталады. Мереке күні ай күнтізбесіне сәйкес есептелетіндіктен, жыл сайын шамамен 10 күнге шегеріліп, өзгеріп отырады. Араб тілінен аударғанда бұл күн «Құрбан шалу мерекесі» деген мағынаны білдіреді.

Мұсылмандар үшін Құрбан айттың ең маңызды сәті — оның алғашқы күні. 27 мамыр күні таңертең еліміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады. Намаздан соң діни дәстүр бойынша құрбандыққа қой, ешкі, сиыр немесе түйе шалынады. Шариғат бойынша, құрбан шалған жанның отбасына береке орнап, амандық болады деп есептеледі. Бұл күні мұсылмандар бір-бірін айт мерекесімен құттықтап, ағайын-туысқа қонаққа барып, ізгі тілектер білдіреді.

Новости партнеров