Бұған қатысты заң жобасы Мәжіліске жіберілді
Майнингпен айланыстан тұлғалар міндетті түрде лицензия алуы керек. Бұл туралы арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Энергетика министрінің айтуынша, майнингпен айланыстан тұлғалар міндетті түрде лицензия алуы керек дейді. Бұл – біріншіден. Бұған қатысты заң жобасы Мәжіліске жіберіліпті.
«Екіншіден, егер тапшылық болатын болса бұлар жұмыс істей алмайды деген сөз бар. Үшіншіден, бүкіл құрылғысын алып келген компаниялар олар уақытша емес, өз жеке меншігін алып, салық төлеп қондыратын болса сол кезде ағана таза майнинг деп есептеуге болады», – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Қазақстанда атом электр стансасы қандай технологиямен салынады? Электр энергиясының бағасы өсе ме? Елді газбен қамту мәселесі қалай шешіледі. Осы және өзге сұрақтарды төмендегі сілтемеден көре аласыздар.