Аулада тазалық жоқ: тұрғындар ПИК-ті ауыстыруды талап етті

23.09.2024 15:50

Қолданысқа жуырда ғана берілген жаңа тұрғын үй кешенінде қауіпсіздік қарастырылмаған

«Егеуқұйырықтың қаптағаны былай тұрсын, құрылысшылар аулада күнде төбелес шығарады». Бұл – Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің азаматтары жанайқайы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Балалар ауласында білгендерін істейтін құрылысшыларды тұрғындар камераға түсіріп алған. Көпшіліктің айтуынша, олар түнімен ішімдік ішіп, көрінген жерде ұйықтап жатады. Ал кіреберісте өріп жүрген егеуқұйрық мәселесі қанша айтса да, шешілмеген. Тұрғындар аулада тазалықтың жоқтығын айтты.

ПИК-тың жұмысы мүлде көрінбейді, себебі тазалық жоқ. Егеуқұйрық қаптап кетті. Жаңбыр жауса, төбеден су ағады. Желдеткіш қоятын темір тордың бәрі  құлайын деп тұр. Ертең ол құлайтын болса. адам өлімі болады, – деді қала тұрғыны Бағдат Қуандықов.

Балалар үшін қорқамыз, аулада жүру қауіпті. Пәтердің қабырғалары қисық, шығын шығарып жөндедік, – деді қала тұрғыны Гүлназ Жаңбырова.

Қолданысқа жуырда ғана берілген жаңа тұрғын үй кешенінде қауіпсіздік қарастырылмаған. Тұрғындарға уәде етілген бейнебақылау камералары да толық орнатылмапты. Автотұрақ мәселесі де шешілмеген.

Жоспар бойынша 2024 жылдың 1 жартысында «Адель» тұрғын үйі тапсыру қолданысқа берілуі тиіс еді. Медігертұрғындардың жөндеу жқмысын жасайтынын біледі, бәрін ескеруі керек еді, – деді қала тұрғыны Бекзат Алдабергенов.

Тұрғындар сөзінше ешқандай жағдай жасалмаған. Жоғарғы қабаттағы есік-терезелер ашық, кез келген бала оңай құлап кетуі мүмкін. АЛ ПИК өзін кінәлі санамайды. «Жұрт тазалалыққа өзі жауапты болуы керек» деген ол туындаған түйткілдің бәрі орнымен шешіледі.

700 пәтер иесіне кілт тапсырылды. Барлығы реттеліп келе жатыр. Өз тарапмыздан барынша жұмыс жасап жатырмыз, – деді ПИК басшысы Алтай Амантайұлы.

Тұрғындар құрылыс нысанының иесіне жұмыс істеп тұрған ПИК-пен келісімшартты бұзуды талап етіп отыр

Әлібек Шынтемір, Әлішер Ахметбек

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы таулы аймақтарда рейд жүргізді