|
03.03.2021 | 00:05
4923

Оқушылар мен студенттер қалай оқиды: Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Алматы қаласының халқы арасында C0VID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында

Оқушылар мен студенттер қалай оқиды: Бекшиннің жаңа қаулысы шықты yandex.kz

Жандарбек Бекшин Алматы қаласында шектеу ic-шаралары кезеңінде мектептерде, ЖОО-ларда және ООО-ларда оқу процесін ұйымдастыру жөнінде жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының халқы арасында C0VID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында  2020-2021 оқу жылының 3-тоқсанында рұқсат етілсін:

1) 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін қалалық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

2) ата-аналардың өтініштері бойынша сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін қоса алғанда, жалпы білім беретін мектептерде 1-5-сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-7 -сыныптарды қоса алғанда аралас оқытуға;

3) бітіруші сыныптар  үшін аптаның 6 күн ішінде аралас оқытуга (9, 11 (12) сыныптар): пәндердің 70% штаттьқ режимде, 30% қашықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, 6ip мезгілде мектепте жобалық қуаттың, 30%-дан аспайтын болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маскалық режимді күшейту);

4) білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

5) 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінен бастап күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимі, тұрғындар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, колледждер мен ЖОО-лардың, I курс студенттерінің жатақханаларында 30%-ға дейін, ЖОО жатақханаларында 50%-ға дейін тұруға рұқсат беру (ҚР ДСМ 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың талаптарына және 2020 жылғы 28 тамыздағы толықтыруларға сәйкес);

6) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимі, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау және асханаларды тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын толтыру шартымен жалпы білім беретін мектептердің 1-ден 5-ке дейін (халықаралық мектептерде-7-ден), 9, 11 (12)-сыныптарының оқушыларын, колледждер мен ЖОО I курс студенттерін тамақтандыруды ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 46-қосымшасына, сондай-ақ ҚР ДСМ 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген санитариялық ережелердің талаптарына және 2020 жылғы 28 тамыздағы толықтыруларға сәйкес әзірленген).

2. Колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін 2021 жылдың екінші семестрінен бастап штаттық оқуға рұқсат етемін.

3. Алматы қаласының Бас мемлекеттк санитариялық дәрігерінің «Коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі одан әpi шектеу шаралары туралы» 2021 жылғы 16 қаңтардағы № 1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшінде.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                        Жандарбек Бекшин

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир