|
27.03.2021 | 12:13
1339

А. Малбасқанов: Әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз – өзіңді ғана емес, басқа адамның да денсаулығын сақтау

Халықты арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, тек қана сақтық шараларын ұстануға шақырды

А. Малбасқанов: Әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз – өзіңді ғана емес, басқа адамның да денсаулығын сақтау

И. Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы инфекция бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонологы Абзал Малбасқанов халықты арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, тек қана сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазір күннің жылуына және де халықтың көшеге шығып кетуіне байланысты, мейрамдарға байланысты вирус қайтадан қазір өршіп жатыр. Ауырып жатқан адамдардың саны жеткілікті. Халықты арақашықтықты сақтап, бетпердемізді тағып, тек қана сақтық шараларын ұстанып жүруге шақырамыз. Себебі әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз – өзіңді ғана емес, басқа адамның да денсаулығын сақтау. 100 адам ауырса, оның бәрі індеттің ауыр түрімен ауырмайды. Көбісі жеңіл түрде және симптомсыз түрде өтеді. Бірақ сол кісілердің басқа адамдарға жұқтыру қаупі жоғары болады. Сіз жұқтырған адамның індеттің қай түрімен ауыратыны бір құдайға ғана мәлім. Сол себепті біреуге кесіріміз тимеу үшін сақтанып жүргеніміз дұрыс», – деді А. Малбасқанов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир