Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды
Пандемия ахуалы туралы барлық ақпаратты қоғам білуге тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз. Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр», – деп жазады Президент.
Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 16, 2020