1091-ге жетті: Алматы қаласында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 99 адам анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазақстандағы коронавирус бойынша 13 сәуірдің 23.40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 112 адам тiркелді, Алматы қаласында – 99 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам, Атырау облысында  3 адамнан анықталды,  деп хабарлайды Almaty.tv ресми дереккөзге сілтеме жасап.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 260 адам, Алматы қаласында – 271 адам, Қарағанды облысында - 77 адам, Ақмола облысында - 73 адам, Атырау облысында - 62 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 22 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 11 адам, Түркістан облысында - 44 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 1091 науқас тіркелді", – делінген хабарламада. 


Новости партнеров