Бір тәулікте тағы 271 адам COVID-19 вирусын жұқтырған
Қазақстанда өткен тәулікте 271 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Науқастардың өсім көрсеткіші 2,3% құрады.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Қарағанды облысы - 68 (7,1%)
Нұр-Сұлтан қаласы - 55 (2,4%)
Атырау облысы - 35 (3,1%)
Алматы қаласы- 26 (1,0%)
Батыс Қазақстан облысы - 22 (3,0%)
Алматы облысы - 21 (5,5%)
Шығыс Қазақстан облысы - 11 (7,4%)
Жамбыл облысы - 7 (1,8%)
Қостанай облысы - 7 (3,8%)
Павлодар облысы - 7 (3,2%)
Ақтөбе облысы - 4 (1,1%)
Солтүстік Қазақстан облысы - 3 (4,9%)
Шымкент қаласы - 3 (0,3%)
Ақмола облысы - 1 (0,6%)
Қызылорда облысы - 1 (0,2%) адам бар.
Бір тәулікте 299 адам емделіп шықты, 4 адам қайтыс болды.
Республика бойынша коронавирус жұқтырған жалпы 12 067 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны – 6240, қайтыс болғандар – 48 адам.