Қазақстанда өткен тәулікте 9 122 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 5118, Алматы қаласы - 1205, Шымкент қаласы - 320, Ақмола облысы - 138, Ақтөбе облысы - 225, Алматы облысы - 133, Атырау облысы - 243, Шығыс Қазақстан облысы - 95, Жамбыл облысы - 69, Батыс Қазақстан облысы - 93, Қарағанды облысы - 669, Қостанай облысы - 94, Қызылорда облысы - 268, Маңғыстау облысы - 179, Павлодар облысы - 85, Солтүстік Қазақстан облысы - 59, Түркістан облысы - 129. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1013586.
Қазақстанда өткен тәулікте 792 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 197, Алматы қаласы - 47, Ақмола облысы - 34, Ақтөбе облысы - 40, Алматы облысы - 25, Атырау облысы - 14, Шығыс Қазақстан облысы - 45, Жамбыл облысы - 13, Қарағанды облысы - 114, Қостанай облысы - 46, Қызылорда облысы - 4, Маңғыстау облысы - 2, Павлодар облысы - 37, Солтүстік Қазақстан облысы - 171, Түркістан облысы - 3. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 966588.