Пневмониядан 3 адам көз жұмды

13.11.2020 13:50

2020 жылғы 13 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 65 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39724, 415 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29416 жетті.