Дүние жүзінде коронавирустан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды

03.04.2020 в 18:19

Өлім-жітім басқа елдермен салыстырғанда Италияда ‒ 13 915 және Испанияда ‒ 10 003 көбірек тіркелген

Қазақпарат

Әлемде 50 мыңнан астам адам жаңа коронавирусты жұқтырудың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақпарат Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавируспен байланысты 50 230 өлім тіркелген.

Вирусты жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты. Өлім-жітім басқа елдермен салыстырғанда Италияда ‒ 13 915 және Испанияда ‒ 10 003 көбірек тіркелген.