Қазақстанда өткен тәулікте 2 414 адам КВИ жұқтырды

01.08.2022 13:45

Пандемия басталғалы аталған инфекцияға елімізде 1 352 594 адам шалдықты

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 414 адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 947, Алматы қаласында - 464, Шымкент қаласында – 18, Ақмола облысында – 101, Ақтөбе облысында – 12, Алматы облысында - 44, Жетісу облысында - 42, Атырау облысында - 41, Шығыс Қазақстан облысында - 8, Абай облысында - 35, Жамбыл облысында - 71, Батыс Қазақстан облысында - 40, Қарағанды облысында - 367, Ұлытау облысында - 17, Қостанай облысында - 26, Қызылорда облысында - 52, Маңғыстау облысында - 18, Павлодар облысында - 55, Солтүстік Қазақстан облысында - 27, Түркістан облысында - 29. 

Айта кетейік, сенбі күнгі тәулік ішінде коронавирус 2713 адамнан анықталған еді. Жалпы пандемия басталғалы аталған инфекцияға елімізде 1 352 594 адам шалдықты.