|
17.04.2020 | 08:46
1537

Birgemiz: Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 200 қап ұн таратты

Жетісай ауданында коронавирус жұқтырған науқастар саны 20 адамға жеткен

Birgemiz: Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 200 қап ұн таратты inform.kz

Түркістан облысының Жетісай ауданында жеке кәсіпкер аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға 200 қап ұн таратып берді. Іскер азамат еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жарияланған BizBirgemiz акциясына үлесін қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә.Оспанов ауылының тумасы карантин мезгілінде қиындыққа тап болған жерлестеріне осылайша қолдау білдіруді жөн санаған. Ол өз есебінен таратылған ұндарды Жетісай қаласы мен Қазыбек би ауылындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлестіріп берді.

«Осындай қиын-қыстау кезеңде жерлестеріме көмек беруді азаматтық парызым деп есептеймін. Ең бастысы - еліміз аман-есен осы қиындықты еңсерсе екен деген ниетім бар»,- дейді жомарт азамат.

Айта кетейік, Жетісай ауданында коронавирус жұқтырған науқастар саны 20 адамға жеткен. Олардың тұрғылықты жерлері оқшауланып, карантинге жабылған. Осы жағдайды ескерген жергілікті кәсіпкерлер ондағы тұрғындарға қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Күні бүгінге дейін демушілер есебінен аз қамтылған отбасыларға 10 миллионнан астам қаржының азық-түлігі жеткізілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир