1 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2021 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 958, Алматы қаласында – 345, Шымкент қаласында – 18, Ақмола облысында – 65, Ақтөбе облысында – 63, Алматы облысында – 62, Жетісу облысында – 75, Атырау облысында – 13, Шығыс Қазақстан облысында – 20, Абай облысында – 25, Жамбыл облысында – 41, Батыс Қазақстан облысында – 32, Қарағанды облысында – 150, Ұлытау облысында – 20, Қостанай облысында – 20, Қызылорда облысында – 38, Маңғыстау облысында – 15, Павлодар облысында – 41, Солтүстік Қазақстан облысында – 14, Түркістан облысында – 6.
31 шілдеде коронавирустың 2414 жағдайы анықталған болатын. Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда инфекция 1 354 615 адамда тіркелді.