Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 346 науқастың жағдайы өте ауыр

09.09.2021 13:47

197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

aa.com.tr

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, коронавирустан емделіп жатқан 1 390 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

84 262 адам коронавирус инфекциясынан (–76 339 + және 7 923 КВИ-) емделіп жатыр. 

Олардың ішінде 17 749 пациент стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 390 адамның жағдайы ауыр,

• 346 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 197 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.