Тәжік мемлекеттік медициналық университетінің түлектері мен 5-курс студенттерін Душанбедегі коронавирус жұқтырғандар жатқан ауруханаларға жіберуде. Оқу орны басшылығы еріктілер ғана барып жатқанын айтса, студенттер "тәжірибеден өтесіңдер" деп өздерін мәжбүрлегенін алға тартты, деп жазады Kaz.nur.KZ Сentralasian.org қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жоғары оқу орнының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Каххор Носири тәжірибеден өткен әрбір студенттің тегін тамақ, киіммен қамтамасыз етілетінін айтады.
"Оқу орнының түлектері мен бесінші курс студенттерінің 40 проценті өз еркімен барып жатыр. Балалары бар және аяғы ауыр студенттер жіберілмейді. Олар 14 тәулік жұмыс істейді, сосын 14 тәулік үйінде карантинде жатады", - деді Каххор Носири. Ал бірқатар студент "ауруханада жұмыс істемесе, емтихан тапсырма алмайсыңдар" деп ескерткенін баяндаған. Қазірдің өзінде 200 студентті емтиханнан өткізбей, ауруханаға жіберген. Абу Али ибн Сина атындағы тәжік мемлекеттік университеті жыл сайын бес сала бойынша мыңға жуық дәрігер дайындап шығарады.
Бірақ олардың дені ақшасы көп басқа жұмысқа ауысады не елден кетіп жатады. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 612 адам тіркелген, 20 науқас қаза тапқан.