Елімізде коронавирус пен пневмониядан 21 адам көз жұмды

23.11.2021 14:07

457 адамның жағдайы ауыр

inform.kz

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 21 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 23 қарашадағы ақпарат жарияланды. 23 қарашадағы мәлімет бойынша, 29 469 адам коронавирус инфекциясынан (-25 323+ және 4 146 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 281 пациент стационарда, 23 188 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 457 адамның жағдайы ауыр,

• 131 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 91 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.