Елордада 18 қазан қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды
inform.kz
19 қазаннан бастап автобустар қайтадан қалыпты режимде қатынайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда 18 қазан - жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды. Ал 17 қазан, сенбіде кешкі 23.00 дейін жүреді. Бұл жайлы City Transportation Systems компаниясы ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Құрметті жолаушылар! Еске сала кетейік, карантин шараларының күшейтілуіне байланысты 18 қазан, жексенбі күні қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі» делінген компания хабарламасында. Дүйсенбі, 19 қазаннан бастап автобустар қайтадан қалыпты режимде қатынайды. «Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз»,– деп ескертеді CTS.
Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34