Қазақстанда 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны осымен 1 333 547-ге жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2054 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны осымен 1 333 547-ге жетті. 

«Кейінгі тәулікте ауырғандардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында 806, Алматы қаласында 532, Шымкент қаласында – 46, Ақмола облысында – 68, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында - 83, Жетісу облысында - 84, Атырау облысында - 61, Шығыс Қазақстан облысында 6, Абай облысында 26, Жамбыл облысында 76, Батыс Қазақстан облысында 20, Қарағанды облысында - 130, Қостанай облысында - 11, Қызылорда облысында - 36, Маңғыстау облысында 14, Павлодар облысында 28, Солтүстік Қазақстан облысында 8, Түркістан облысында 11 тұрғын сырқаттанды»,  деп жазды комиссиядан. 

Ал осы күні 1083 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. 

Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында 341, Алматы қаласында 490, Алматы облысында 50, Жетісу облысында 3, Атырау облысында 15, Шығыс Қазақстан облысында 26, Абай облысында 11, Жамбыл облысында – 25, Қарағанды облысында 59, Қызылорда облысында 63 адам сауығып шықты. 

Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-дан емделіп, қатарға қосылды.


Новости партнеров