Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны осымен 1 333 547-ге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2054 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны осымен 1 333 547-ге жетті.
«Кейінгі тәулікте ауырғандардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 806, Алматы қаласында – 532, Шымкент қаласында – 46, Ақмола облысында – 68, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында - 83, Жетісу облысында - 84, Атырау облысында - 61, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Абай облысында – 26, Жамбыл облысында – 76, Батыс Қазақстан облысында – 20, Қарағанды облысында - 130, Қостанай облысында - 11, Қызылорда облысында - 36, Маңғыстау облысында – 14, Павлодар облысында – 28, Солтүстік Қазақстан облысында – 8, Түркістан облысында 11 тұрғын сырқаттанды», – деп жазды комиссиядан.
Ал осы күні 1083 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 341, Алматы қаласында – 490, Алматы облысында – 50, Жетісу облысында – 3, Атырау облысында – 15, Шығыс Қазақстан облысында – 26, Абай облысында – 11, Жамбыл облысында – 25, Қарағанды облысында – 59, Қызылорда облысында 63 адам сауығып шықты.
Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-дан емделіп, қатарға қосылды.