86 пациенттің жағдайы өте ауыр
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 21 маусымдағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv
21 маусымдағы мәлімет бойынша 21 504 адам коронавирус инфекциясынан (20 295 КВИ+ және 1 209 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде:
- 6 497 пациент стационарда
- 15 007 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
- 442 адамның жағдайы ауыр
- 86 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 54 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Соңғы тәулікте 8 адам - коронавирустан, 1 адам - пневмониядан көз жұмған.