Б. Сағынтаев 19 маусымда цирк ғимаратының жанында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

21.06.2021 14:29

Мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр

el.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 19 маусымда цирк ғимаратының жанында болған оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда сағат 15-16 шамасында Қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта электр тогының соғуынан үш адам зардап шеккен болатын. Әкімдікте мамандар оқиғаның себебін анықтап жатқанын атап өтті.