Пневмониядан 3 адам көз жұмды

18.03.2021 14:11

2021 жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 57 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 186 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49953, 659 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45614 жетті.