|
25.04.2022 | 09:12
5500

Алматыда өткен тәулікте 7 адам коронавирус жұқтырды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 1305465 адам

Алматыда өткен тәулікте 7 адам коронавирус жұқтырды Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 7 адамнан коронавирус анықталған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 1305465 адам. Сондай-ақ 9 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Алматы қаласында - 8, Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам. Елімізде барлығы 1 290 997 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. 25 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 685 адам коронавирус инфекциясынан (808 КВИ+ және 877 КВИ-) емделуде, олардың ішінде: 86 пациент стационарда, 1 599 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир