Коронавирус: 34 науқастың ахуалы аса қатты ауыр

04.12.2020 14:23

29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 000 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 912 бала бар, деп хабарлайды Almaty.tv ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Стационарларда 3 560 науқас жатыр. 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 229 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 34 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.