Коронавирустан емделіп жатқан 294 адамның жағдайы ауыр

Фото. ашық дереккөзден
Фото. ашық дереккөзден
40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша,  24 875 адам короновирус инфекциясынан (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 294 адамның жағдайы ауыр;

• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 2021 жылғы 16 қаңтарда 17 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 40 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 46 848, өлім жағдайлары - 540, барлығы 34 613 адам сауығып шықты.

Новости партнеров