Бір тәулікте КВИ белгілері бар пневмониядан 317 жағдайы тіркелді
Елімізде пневмониядан тағы 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
20 қыркүйекте жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмониядан 317 адам тіркелді. Оған қоса 203 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 13 наурызынан бері ауырғандар саны – 74427,
Көз жұмғандар саны – 4760,
Ал жазылып шыққандардың саны 61001 жетті.