Жел, тұман, аяз: 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

22.09.2021 14:29

Алматыда күндіз +22, +24 градус жылы болады

pixabay.com

Қазгидромет 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ертең елдің басым бөлігінде фронтальдық бөлімдердің ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, сонымен байланысты жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік таулы аудандарында және оңтүстік-шығысында найзағай болады, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Тек еліміздің орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстіктің таулы аудандарында  және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік- батысында тұман күтіледі.

Аймақтардағы ауа райы

Қостанай облысының солтүстігінде және солтүстік-батысында, Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Түркістан облысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында топырақ бетінде 2-4 градус үсік күтіледі.                

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, батысында, орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында,  батысында және орталығында, Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, Алматыда күндіз +22, +24 градус жылы, түнде +8, +10.

Дереккөзі: Sputnik