Көлемді айыппұл салуды билік елде ауқымды локдаунды қайта болдырмау жолы ретінде қарастырып отыр
Ұлыбритания билігі коронавирус инфекциясы кезінде қойылған шектеулерді бұзғаны үшін салынатын айыппұлды көтерді. Бірінші рет талап бұзғанға 1000 фунт, қайталанса 10 мың фунтқа дейін айыппұл салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтемемен.
Бұл соманы өзінен КВИ анықтала тұра, бірнеше мәрте карантин талабын бұзған адам төлеуі мүмкін. Британ дәрігерлерінің мәліметінше, елде талап бойынша өзін оқшаулауы тиіс адамдардың тек 20 пайыздайы ғана тәртіпке бағынып отыр.
Көлемді айыппұл салуды билік елде ауқымды локдаунды қайта болдырмау жолы ретінде қарастырып отыр. Талаптың қатаңдатылуына британ қоғамы ылғи да келісе кетпейді. Осылайша сенбі күні Лондондағы Трафальгар алаңында бірнеше жүз адам митинг өткізді. Манифестация полициямен қақтығыспен аяқталды. 30 адам ұсталған.