Коронавирус: Елімізде 99 бала ем алып жатыр

15.10.2020 14:18

Жалпы, науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 15 қазан күнгі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 789 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 99 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 734 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы, науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.