Бұл режим төрт апта бойы сақталады
Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі бірнеше қалада, оның ішінде Парижде де COVID-19 өршуіне байланысты коменданттық сағат жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Коменданттық сағат сенбі сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін енгізіледі. Бұл режим төрт апта бойы сақталады.
«Иә, біз коменданттық сағат деп отырғанымыз жеткілікті шара», – деді Макрон француз телеарналарының біріне берген сұхбатында.
Коменданттық сағат Иль-де-Франс, Лилль, Гренобль, Лион, Марсель, Руан, Сент-Этьен, Монпель, Тулуза аймақтарында енгізілді.
Франциядағы эпидемиологиялық жағдай тамыздан бері нашарлай бастады. Сенбі, 10 қазанда елде тәуліктік рекорд тіркелді - бір күнде 26 мың жағдай анықталды.