Өткен тәулікте Қазақстанда пневомониядан тағы 1 адам көз жұмды

11.09.2020 14:38

Жазылып шыққандардың саны 6 642-ге жетті

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 353 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болып, 37 адам сауығып кетті.

Елімізде 1 тамыздан бері пневмониямен 28 928 адам ауырып, 318 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандардың саны 6 642-ге жетті.