Әлем бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 28 миллионнан асты

11.09.2020 14:24

Коронавирустан 907 980 адам көз жұмды

Фото: poisknews.ru

Әлемде ауыр коронавирустан 907 980 көз жұмып, оны жұқтырғандар саны 28 млн-нан асса, 18 849 981 адам сауығып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Індет жұқтырған адамдар санының көптігі жағынан АҚШ көш бастап келеді (6,3 млн). Екінші орында – Үндістан (4,4 млн), үшінші орында – Бразилия (4,2 млн), одан кейін Ресей (1 млн).

Аурудан көз жұмудың ең көп оқиғасы да АҚШ-та тіркелді (191 мың), екінші орында Бразилия (129 мың) және «үштікті» Үндістан (75 мың) жауып отыр. COVID-19 жұқтырып, 18 мыңнан астам адам қайтыс болған Ресей бұл тізімде 12-ші орында.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қарқыны өскенін хабарлап, коронавирус пандемиясы әлі ұзаққа созылатынын ескертті. Кейбір елдерде билік пандемияның екінші толқынын белгілеп отыр.