|
06.05.2020 | 09:19
4170

Әлем бойынша 3,7 миллион адам коронавирус жұқтырған

Бүгінде коронавирустан айыққандардың 1,2 миллионнан астам жағдайы тіркелді

Әлем бойынша 3,7 миллион адам коронавирус жұқтырған открытые источники

Әлемдегі коронавирус жағдайы туралы соңғы мәліметтер пайда болды: дүниежүзі бойынша ауру жұқтырғандар саны 3,7 миллионнан асып кетті, 257 мыңнан астам адам вирустың құрбанына айналды деп хабарлайды Kaz.nur.kz Worldometers онлайн дайджестіне сілтеме жасап.

Дайджест деректері бойынша, вирустың таралуы басталғаннан бүгінгі күнге дейін түрлі елде 3,722,692 адам жұқтырған. 6 сәуірде таңертең тағы 79,4 мың адамда инфекция анықталды. Дүниежүзі бойынша вирустан қайтыс болғандардың саны 258 мың адамға жақындаған. Ауруды жеңе білгендердің саны да артып келеді. Бүгінде коронавирустан айыққандардың 1,2 миллионнан астам жағдайы тіркелді.

Мәлімет бойынша, Америка Құрама Штаттары өлім-жітім саны бойынша «көшбасшы» болып келеді. Соңғы 24 сағат ішінде мұнда 2 мыңнан астам адам қайтыс болған. Пандемия кезінде мұнда 72 мыңнан астам өлімі тіркелді. Еуропада вирустың өлім-жітімі дерегі бойынша Ұлыбритания бірінші орынға шықты. Бұл жерде 29,4 мыңнан астам адам инфекциядан қайтыс болған, бұл Италияға қарағанда 100 адамға артық. Ресейде жағдай ушығып барады.

Соңғы 24 сағат ішінде көрші мемлекеттің 10 мыңнан астам тұрғынында инфекция расталды, 95 адам қайтыс болды. Мұндағы ауру жұқтырғандардың жалпы саны 155 мыңнан асты, ал вирустан қайтыс болғандардың саны бір жарым мыңға жетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир