Коронавирус: Францияның сегіз қаласында коменданттық сағат енгізілді

23.10.2020 14:23

Францияда қауіпті ауруға шалдығудың рекордтық 41 622 жаңа оқиғасы туралы жария етілді

ҚазАқпарат

Францияның Париж және тағы сегіз қаласында коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап хабарлайды.

Франция премьер-министрі Жан Кастекс коронавирустың коронавирустың жылдам таралуын тоқтату мақсатында елдің тағы ондаған аудандарында коменданттық сағат түнгі уақытта ұзартатынын мәлім етті.

Францияда қауіпті ауруға шалдығудың рекордтық 41 622 жаңа оқиғасы туралы жария етілді.

Коменданттық сағат жұма күннен бастап енгізіледі және ол сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін созылады. Бұл 46 миллионға жуық адамға қатысты қолданатын шара болмақ.

«Алдағы апталар ауыр болып, індеттен қайтыс болатын адамдар саны өседі»,– деді Жан Кастекс.

Соңғы тәулікте Францияда қауіпті вирустан тағы 162 адам көз жұмды.