Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 103 млн миллионнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 103 млн 835 мың 414 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 2 млн 251 мың 391 науқас. Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.