ДСМ: Қазақстанда КВИ-ден қайтыс болғандар туралы Америка ғалымдарының дерегі асыра көрсетілген

20.05.2021 14:25

Өлім-жітімді қосып көрсету әлемнің барлық елдеріне тән

Фото: ашық дереккөзден

Америкалық ғалымдардың Қазақстанда коронавирустан 80 мың адам қайтыс болды деген дерегі асыра айтылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, өлім-жітімді қосып көрсету әлемнің барлық елдеріне тән. Ал, еліміздегі мәліметтерге сәйкес, өткен жылы шамамен 28 200 жағдай тіркелген. 

«Шынымен де Медициналық көрсетілімдер және бағалау институты ғалымдарының қосылған өлім-жітім туралы хабарламасы болды. Олар коронавирус пандемиясы кезеңінде қосылған өлім-жітімдер бойынша гипотезаға тестілеу жүргізген. Жалпы, ғалымдар өздерінің жұмысында мәліметтерді өңдеудің түрлі әдістерін қолданатындығын, деректер негізінде «теориялық гипотеза» түзетіндігін түсінеміз. Алайда, бүгінде оны тексеру мүмкін емес. Ең алдымен аталған институттан Қазақстанға да, Денсаулық сақтау министрлігіне де сауал келіп түспегендігін атап өткім келеді»,– деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Бұдан бөлек, вице-министр Марат Шоранов Қазақстанда жасы 65-тен асқан 250 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алғанын айтты. Сонымен қатар, елімізде диспансерлік науқастар тобына жататын адамдардың ішінде созылмалы аурулары бар науқастардың 4 пайызға жуығы екпе алған.  Аталған науқастарда медициналық қарсы көрсетілім болмаған жағдайда вакцина алуға болатынын түсіндірді деді вице-министр.