|
08.04.2021 | 09:25
849

Цой коронавирус вакцинасын неге салдырмай жүргенін айтты

Оның айтуынша, өнеркәсіптік ауқымда қазақстандық вакцинаны өндіру алдағы айларда басталмайды

Цой коронавирус вакцинасын неге салдырмай жүргенін айтты 24.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина өндірісі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ғылыми-зерттеу институты биологиялық қауіпсіздік мәселелері базасында алғашқы серияны шығарды. Клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша техникалық есептердің дайын болуын күтеміз. Олар сәуірдің соңына дейін дайын болуы керек. Вакцинацияға дайындалып жатырмын және сіздермен бірге қазақстандық вакцинаны салдыруға дайынмын», – деді Цой ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, өнеркәсіптік ауқымда қазақстандық вакцинаны өндіру алдағы айларда басталмайды.

«Қазір өндірісті іске қосу кестелері пысықталып жатыр. Жақында технологиялық желіні тапсыруы қажет. Барлық үдеріс жүргізіліп, өндіріс GMP стандарттарына жеткенде зауыт іске қосылады. Бірақ бұл жыл соңына жоспарланған», – деді министр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир