Алматыда кафе мен караокеде санитарлық нормалар әлі де сақталмай тұр

03.06.2021 14:28

Жалпы биыл карантинді бұзғандарға қатысты 4409 хаттама толтырылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының мобильді топтары күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 1-нен 2-маусымға қараған түні белгіленген шектеулерді бұзған 4 жағдай анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.


Мониторингтік топ  өкілдері «Табыс» кафесі мен «Cinema Оскар» караокесінде орын алған бұзушылықтар туралы айтты.

Оңтүстік астанада заң бұзушылықтарды анықтау үшін күн сайын 40 мониторингтік топ санитарлық және карантин нормаларының сақталуын тексереді.

Әуезов ауданының мониторингтік тобының өкілдері түнгі сағат 02.00-де жұмыс істеп тұрған Ақсай-4 шағын ауданындағы «Сinema Оскар»-дағы жағдайды мәлімдеді.  Олардың айтуынша, аталған караоке мекемесі заңды бірнеше рет бұзған. Бұған дейін залдағы адам санының көптігі мен маска тағылмағаны үшін айыппұл төлеген. Енді жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл ретте бұл нысанға Ashyq жобасы бойынша жұмысқа рұқсат берілді. Алайда, әкімшілік қосымшаның мүмкіндіктерін пайдаланбайды. Сондықтан бұл мекемені жоба аясында жұмыс істеу құқығынан айыру туралы мәселе көтерілді.

Сол түні караокеде барлығы 20-ға жуық адам болды. Әрқайсымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сол түні Алатау ауданының бақылау тобы  «Табыс» кафесінде бетпердесіз жүрген қызметкерлерді анықтады.

Жыл басынан бері тексерушілер 23 мыңнан астам нысанды тексерді. Онда 2200-ден астам карантин шараларын бұзған жағдайлар анықталды. Қасақана бұзушыларға қатысты 74 материал сотқа жолданса, оның 54-і бойынша қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Жалпы биыл карантинді бұзғандарға қатысты 4409 хаттама толтырылды. Оның ішінде 402 хаттама заңды тұлғаларға, 4007 заңды тұлғаға арналды.

Алматы әкімдігі халықты тағы да карантин режимін қатаң сақтауға шақырады: адамдар көп жиналатын жерден аулақ болуға, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.