Елордада тіркелген 193 пациент 1 949 адаммен байланыста болғаны анықталды. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Коронавирус табылған 193 пациенттің 1 949 адаммен байланыста болғаны анықталды. Оның 962-сі отбасы мүшелері, туысқандары, әріптестері мен ұшақта бірге болған жолаушылар. Ал 987-і вирус жұқтыруы мүмкін адамдар", - деді Қисықова онлайн брифингте.
Айтуынша, індетке шалдыққан бір адам орта есеппен 11 адаммен араласқан. Десе де, бір пациенттің 125 адаммен байланыста болған кездері де бар екен.
"Расталған 193 жағдайдың ішінде 123 адам бұған дейін стационарда оқшауланғандар немесе үй карантиніне алынғандар", - деді басқарма басшысы.
Дүние жүзінде коронавирустан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды