Елімізде пневмониядан тағы 1 адам көз жұмды

20.11.2020 15:17

2020 жылғы 20 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 158 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 55 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40848, 424 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29869 жетті.