Нұр-Сұлтанда коронавирустың «Үнді» штаммына ұқсас вирус анықталды

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Таяуда жүргізілген зерттеулер коронавирустың Үнді штаммы емханаға түсу және өлім-жітімнің жоғары болуымен байланысты екендігін көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада коронавирустың «үнді» штаммына ұқсақ вирус анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Оның сөзінше, науқастан алынған оң зертханалалық үлгіге ПТР скрининг жүргізу нәтижесінде «дельта» немесе үнді штаммына тән мутация табылған. Енді елордада эпидемилогиялық талаптар күшейтіле ме? Үкімет жаңа штаммның таралуын болдырмас үшін қандай шаралар қабылдайды? Almaty.tv тілішінің сюжетіне назар салыңыз.

Ғалымдардың айтуынша, үнді штаммы тез таралады және анықталған науқастардың 60 пайызында ол 7 күнге дейінгі барынша қысқа инкубациялық кезеңімен ерекшеленеді. Бұдан бөлек, короновирустың осы түрінен өлім-жітім жоғары болады. Буындар мен іштің қатты ауруы, есту қабілетін жоғалту сынды қосымша симптомдар бар.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, SARS-CoV-2 «дельта» штаммы әлемнің 74 елінде анықталып отыр. Үнді штаммына тән жұқтырғыштық, аурудың ауыр өтуі сынды мәліметтерді ескере отырып, өңірлер дәрілік заттардың жеткілікті қорын, өкпені жасанды желдету аппаратына арналған шығыс материалдарын, жеке қорғаныш заттарын, резервтік төсек-орын қорын қамтамасыз етіп, КВИ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметі мен ұтқыр бригадаларды дайындыққа келтіруі қажет», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады. Бас қалада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40 пайызға көтерілген. Қазір шаһар «қызыл аймақта». Ал, жалпы соңғы аптада елімізде ауру өсімі 4 пайызға артқан. Қауіпті дертке шалдыққандар арасында 419 адамның жағдайы ауыр, 95 науқастың жағдайы өте ауыр екен.

«Барлық әкім адамдар көптеп жиналатын орындарда, әсіресе демалыс орындарында санитарлық талаптардың, әлеуметтік қашықтықтың, маска режимінің қатаң сақталуына баса назар аударуы тиіс. Үшіншіден, ол барлық өңірде мониторинг топтардың жұмысын күшейту қажеттігін, қоғамдық орындарға келушілерде «Ашық» қосымшасымен тексеру талабын қатаң сақтау керек. Төртіншіден, ең маңызды мәселе – халықты вакцинациялау. Барлық деңгейдегі қала, аудан, облыс әкімдіктерінің күнделікті жеке бақылауында болуы тиіс», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Бүгінгі таңда елімізде вакцинаның 1-компонентін 2 800 мыңнан астам адам, екінші компонентін 1 715 мыңнан астам адам алған. Министрдің дерегінше, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында 1-компонент вакцина алғандар саны орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

Асылбек Тойбек

Новости партнеров